АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» атты ғылыми-практикалық семинар

15.04.2022

Ағымдағы жылдың 15 сәуірі күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары  қазақ педагогикалық колледжінде филология бөлімінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері»  атты ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Мақсаты – болашақ филолог-мамандардың Ахмет Байтұрсынұлының тіл, әдебиет, ағартушылық, ғылым мен білімді арқау еткен еңбектері мен мақалалары туралы ізденімпаздық, шығармашылық жұмыс жүргізуіне ықпал ету, әрі Алаш Орда үкіметінің ұлт тарихындағы орны жайында, латын әліпбиінің қазіргі таңдағы мәсілілері жайлы ой қорытып отансүйгіштік сезімдерінің сабақтаса дамуына үлес қосу. Алғы сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызына берілді. Ғылыми-практикалық семинарға колледж оқытушылары, филология бөлімінің 1-3-курс студенттері және қазіргі таңда колледжімізде іс-тәжірибе жинақтап жүрген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология бөлімінің 4 курс студенттері қатысты. Абай атындағы электронды-ресурстық кітапхананың меңгерушісі Рахимова Зарина Жомартқызы студенттерге Ахмет Байтұрсынұлына арналған көрмемен таныстырды. Ғылыми-практикалық семинарда «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» Ахмет Байтұрсынұлы. ФБ-32ҚБ тобының студенті Атығай Аружан Сағынғалиқызы, Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің жанашыры атты баяндамасын ФБ-32ҚБ тобының студенті Омашева Улжан Талгатовна, Ұлт ұстазы және әлемдік тіл білімі атты баяндамасын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, филология мамандығының 4 курс студенті Зейнелқабден Ұлан Батырханұлы, Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі атты баяндамасын ФБ-11 тобының студенті Абай Аяжан Аянқызы, Латын әліпбиінің qwerty пернетақтасында орналасуы – Атай Сабыржан Құрманұлы баяндамасымен көпшілікке ұсынды. Ғылыми-практикалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст