АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«МУЗЫКАНЫ ОҚЫТУ» МЕН «ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТ» ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІ БОЙЫНША «WORLDSKILLS АQMOLA – 2022» АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

15.04.2022
2022 жылдың 14 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Музыканы оқыту» мен «Дене мәдениеті және спорт» құзіреттіліктері бойынша «WorldSkills Аqmola – 2022» аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш чемпионаттың ашылу салтанатында Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы білім жүйріктерін чемпионаттың басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Қатысушылардың жоғары деңгейде өздерінің білімдерін дәлелдейтініне нық сенім білдіріп, сайыста батыл болуға, намысты қолдан бермеуге, барынша тырысуға жігерлендірді. Ашылу салтанатында кеш қонақтары 2021 жылғы чемпионатының жүлдегерлері Дондых Құндыз бен Наурузова Милананың құттықтау бейнеролигін тамашалады. Айта кету керек, «WorldSkills Каzakhstan – 2021» VI Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатында «Бастауыш сыныптарда оқыту» және «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша студентіміз Дондых Құндыз күміс медаль иегері атанса, Наурузова Милана қола жүлдені еншіледі. Сондай-ақ салтанат барысында ІV облыстық «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» әлеуметтік жобасының жас педагогтер форумының жеңімпазы Жанар Саршақызы да қатысушыларға сәттілік тілеп, аталшым чемпионаттың ашылуымен құттықтады.
Екі күндік чемпионат барысында «Музыканы оқыту» мен «Дене мәдениеті және спорт» құзіреттіліктері бойынша 9 қатысушы өз шеберліктерін көрсетеді. Чемпионат білікті кадрларды даярлауға жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Конкурсқа қатысушыларды 6 оқу орнының 6 эксперт-компатриоты бағалайды.
«WorldSkills» – бүкіл әлемде кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру негізінде кәсіптік стандарттарды үйлестіру арқылы білім беруді дамыту. Чемпионат мақсаты – постиндустриалды кезеңде төртінші өндірістік революцияның нәтижесін көрсетіп, экономикалық дамуға үлес қосатын орта буын мамандарының қызметін жастар арасында кеңінен насихаттау, кәсіби педагогикалық мамандықты таңдаған білім алушыларды үздік болуға талпындыру. Кіл мықтылар жиналған байрақты бәсекеде қатысушыларға толағай табыстар тілейміз!
Просмотров: 219


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст