Текст
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің түлегі, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті, «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатының «Үздік маман» номинациясының иегері Бабаева Алина «Музыкалық білім беру» номинациясы бойынша ІІ орынды еншіледі. Бұл аталым «Музыкалық білім – заманауи концепциялар» тақырыбы аясында өтті. Қанатың талмасын! Жеңісті күндер көп болсын!