АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
31 мамыр қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларын еске алу күніне орай Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қабырғасында аталып өтілді. Зұлмат заманды басынан өткерген қазақ халқының қилы тағдырын, «Ұлт тағдырын ұлықтаған арыстарым» деп аталатын тарихи-тағылымдық кештің мазмұны арқылы студент санасына сіңіріп жас ұрпаққа тарихын тануға, білуге қадірлеуге жетеледі. Іс-шараның өтуіне мұрындық болған тарихшылар, іс-шараның мазмұнын пролог, көрініс, монолог, арқылы студенттердің өнері мен табиғи болмыстарын жетілдіріп, көрермендердің көңілінен шықты. Осы зұлмат заманның тарихи тамыры сонау «кіші қазан» саясатын жүзеге асыру жолында жүргізілген 1920-1922 жылдары ұжымдастыру кезеңімен бастау алғандарын, сол қасіреттің салдарынан 1931-1932 жылдары ашаршылықтан қанша ата-баба аштан қырылып, қанша жұрт қыр асып кеткендігін, артынша қараңғы қазақ көгінде күй сәулесіндей болған қазақ зиялыларын халық жауы деп жала жауып, ату жазасына ұшырағандықтарын да көріністің желісінен көрсете білді. Іс-шараның әсерлілігінен көрермен көзіне жас үйіріліп, қатал тағдырдың айдауында болған бабалар тағдырын көзбен көргендей әсер алды. Іс-шара соңында құрметті композитор Қ. Сақай жас ұрпаққа ағалық лебізін айтты.