АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде сырттай оқу бөлімінің түлектерінің салтанатты түрде диплом алу рәсімі өтті. Колледждің сырттай оқу бөлімі соңғы 5 жыл ішінде 500 маманды дайындап шығарды. Жетістігі мол бүгінгі колледж түлегіне артылар сенім, үкілеген үміт, жүктелген парыз өте жоғары. Сырттай оқу бөлімінің түлектерінің 50 пайызы өз біліктілігі бойынша қызмет арқарып жүрген кәсіби мамандар. Колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Сәбитова Тілек Батырханқызы бітіруші түлектердің нағыз білікті маман атанып, кәсіби жолда биіктен көрінулеріне тілектестік білдіріп, құттықтай келе дене тәрбиесі және спорт, филология бөлімінің студенттеріне диплом тапсырды. Мектепке дейінгі бөлімнің студенттеріне Амирова Сағира Абзалқызы, бастауыш мектеп бөлімінің студенттеріне Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы диплом тапсыру рәсімін өткізді. Сырттай оқу бөлімінің бітіруші түлектеріне арнап колледждің мың бұралған бишілерімен күміс таңдай әншілері би билеп, ән шырқады. Түлектерге ақ жол тіледі!