Текст
2019 жылдың 23 мамырында Ақмола облысының жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Достар» мәдениет сарайында студенттің өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша «KDM – Life» жобасының қорытындысы шығарылды. Бұл жобаның мақсаты Көкшетау қаласындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде Көкшетау қаласындағы білім беру мекемелерінде жастар ісі жөніндегі комитеттердің қызметін кеңінен тарату және Қазақстан қоғамының дамуына лайықты үлес қосуға ынталандыру. Байқауға 6 оқу орны қатысты. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері қазылар алқасының шешімімен жүлделі екінші орынды иеленіп Дипломмен бағалы сыйлықпен марапатталды.