АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылы Ақмола облысы, Көкшетау қаласында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БА институтының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, колледж және жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты. Алғы сөзді «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БА институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нина Михайловна Стукаленко сөйледі. Семинар барысында «Латын әліпбиі – ел ертеңі» тақырыбында бейнебаян көрсетіліп бірнеше тақырыпта баяндамалар оқылды. Төлекеева Қаратай Байкенұлы «Латын графикасындағы мемлекеттік тілдің болашағы және даму жолдары», Күшпаева Гүлнәр Бүркітбайқызы «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам», Мусин Лайс Капезұлы «Жазу сауаттылығын қалыптастыруыдағы қазақ тілі емлесі ережелерінің кейбір ерекшеліктері мен мәселелерін шешу жолдары», Қаратасова Шаттық Каналбекқызы «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жабагинова Майра Қанапияқызы «Латын графикасын меңгертуде болашақ мамандардың кейбір мәселелері» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты. Семинар барысында латын әліпбиінің болашағы жайлы түрлі пікірлер айтылып, әртүрлі сұрақтар талқыланды.