Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданының «Созвездие талантов» атты жеке кәсіпкер Аманова Динара Ерланқызының ұйымдастыруымен балалар, жасөспірімдер және студент жастардың арасында Халықаралық шығармашылық фестиваль байқауы өтті. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің музыка бөлімінің студенттері Мустафина Сәуле Галиханқызы, Бешимов Қайрат Бақытжанұлы, Грицаева Наталья Юрьевнаның жетекшілігімен қатысып жүлделі орындарды иеленді. Қаиырғожа Нарқыз аспаптық фортепианода орындау номинациясы бойынша ІІ орын, Байбакирова Меруерт І орын, Каргина Вероника ІІ орын, Жүніс Нұрай І орынды иеленді. «Вокал» номинациясы бойынша Жүніс Нұрай ІІ орын, «Эстрадный вокал» номинациясы бойынша Мұхамеджан Мағжан ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар әр номинация бойынша арнайы Дипломдармен марапатталды.