Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының және Щучинск филиалы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының жалпы білім беру мектептерінің және колледждерінің оқушылары арасында Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізілген іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері алғашқы әскери пәнінің оқытушысы М.Мұқатаевтың жетекшілігімен қатысып «Жас-сарбаз» әскери-спорттық ойынында І орын, «Айналып жүгіру» бойынша І орын, «АК – 74 шашу және жинау» бойынша І орын, «Пневматикалық винтовкадан ату» бойынша І орын, «Жалпы әскери толым нормативтерін орындау» бойынша І орын, «Эстафета» бойынша І орынды иеленді. «Жас сарбаз» бағдарламасы бойынша әскери-патриоттық жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткені үшін М.Мұқатаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық ардагерлер ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрағасы Халық Қаһарманы генерал-лейтенант Б.Ертаевтің алғыс хатымен марапатталды.