Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің салтанат залында 1-2 курс студенттеріне елімізге белгілі журналист, қоғам белсендісі, саясаткер Жанболат Мамайдың ашаршылық туралы «Зұлмат» деректі фильмі көрсетілді. Жанболат Мамай аталмыш фильмді көрерменге ұсыну үшін 1931-33 жылдардағы ашаршылық уақытын зерттеуге жарты жылын жұмсаған. Бұл тақырып түбегейлі зерттелген Украинаға, еліміздегі бірнеше облысқа сапарлап, тарихшылармен әңгімелесіп, ашаршылық куәгерлерін сөйлетті. Мақсаты – халыққа шындықты көрсету. Фильм студенттерге қатты ұнады. Тарихи тұрғыдан көп мәлімет алып, ашаршылық кезеңінде болған көтерілістерді көрді. «Зұлмат» фильмі негізінде тәуелсіздіктің қадірлі, бағалы екенін түсінді.