Текст
Универсиаданың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, оларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жастар арасында достық пен сенімді нығайтып, бұқаралық спортты дамыту. «Сұңқар» ХІХ қалалық универсиадасының бағдарламасы аясында өткізілген спорттық жарыстар бойынша Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің командасы ІІІ жүлделі орынды иеленді.