АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 12 сәуірінде Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «NIS MUN 2019» БҰҰ-ның модельдік конференциясы өткізілді. (Nazarbayev Intellectual School Model United Nations 2019) жалпы 6 команда қатысты, соның ішінде 2 команда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ағылшын бөлімінің студенттері аталған бөлімнің оқытушылары Г.Китарова және Д.Жүсіпованың жетекшілігімен қатысты. «NIS MUN» конференциясы – өзін-өзі дамыту және идеялармен алмасу үшін тамаша білім беру алаңы болып табылады. Пікірталас барысында делегаттар алдын-ала белгіленген елдің мүддесін ұсынды, қазіргі әлемдік проблемаларды талқылады. Колледж студенттері Мексика мен Германияны таныстырды. Бұл оқыту түрі студенттерге сөйлеу, аналитикалық және критикалық ойлау дағдыларын дамытуға, жаһандық проблемаларға инновациялық шешімдерді ұсынуға және әлемнің түрлі елдеріндегі пікірлестерге қарсы тұруға мүмкіндік берді. БҰҰ моделі – делегаттар, төрағалар, бақылаушылар мен сарапшылар қатысушылары БҰҰ-ға мүше елдердің ресми өкілдері және конференцияға қатысатын халықаралық ұйымдардың мүшелері ретінде өз комитеттерінің күн тәртібіндегі мәселелерін талқылады. Әрбір комитеттің түпкі мақсаты талқыланатын тақырып бойынша шешім қабылдау болып табылады. Барлық қатысушылар мен команда жетекшілеріне арнайы сертификаттар мен оқу үшін купондар берілді.