АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 5 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде кәсіби бағдар бойынша әлеуметтік серіктестікті нығайту мақсатында қала мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында информатика бөлімінің ұйымдастыруымен «KoksheRoboProject – 2019» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушыларды робот техникасын меңгерте отырып, өз білімі мен біліктерін, дағдыларын шынайы өмірде өз бетінше қолдана білу қабілеттерін дамыту, күрделі міндеттерді шығармашылықпен шеше білуге құзыретті тұлға қалыптастыру. Байқау үш кезең бойынша жүргізілді. 1. Категория «Лабиринт», 2. Категория «Гонка по линий», 3. Категория «Интеллектуалдық Сумо». Қала мектептері бойынша бірнеше мектептен жалпы 13 оқушы қатысып бақтарын сынады. «Интеллектуалдық Сумо» категориясы бойынша Көкшетау «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Нұрғазин Абат, Тургунов Мади жүлделі І орын, «Лабиринт» категориясы бойынша Көкшетау «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Абайдильдин Мерей, Жүсіп Диас жүлделі І орын, «Лабиринт» категориясы бойынша №3 ДБАОММИ оқушысы Зайнулинов Даниал жүлделі ІІ орын, «Интеллектуалдық Сумо» категориясы бойынша Көкшетау «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Досанов Шерхан, Исаев Алишер жүлделі ІІ орын, «Интеллектуалдық Сумо» категориясы бойынша М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының оқушылары Кадыров Дастан, Хайржан Назыма жүлделі ІІІ орын, «Лабиринт» категориясы бойынша ІТ мектеп-лицейінің оқушылары Алтай Санжар, Даулетбай Әділхан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жүлдегерлердің дарлығы арнай диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.