АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Жастар жылы – жасампаздықтың бастауы» атты «Ақмола жұлдыздары» қалалық халық шығармашылығы байқауы

08.04.2019

    2019 жылдың 6 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филормониясында «Жастар жылы – жасампаздықтың бастауы» атты «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауы өтті.

       Байқаудың мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, дәстүрлi және заманауи ән жанрын дәрiптеу, өзiндiк мәнерi бар дарынды жас өнерпаздарды анықтау. Елбасымыз өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында 2019 жылды  еліміздің басты тірегі – «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Қай елде болмасын елдің, қоғамның жетекші күші жастар болып табылады. Сондықтан да егемен еліміздің елдігі – келешек жастардың қолында болары сөзсіз. Ұлттық болмысмызды, тарихымызды, салт-санамызды жалғастыратын – жастар! Сондықтан да, жастар жылы игі істердің бастамасы, мәңгілік ел болудың жарқын көрінісі.

    Аталмыш шараға оқу орнынан өнерлі әншілер, мың бұралып би билеген бишілер, домбырашы, күйшілер жастарымыз қатысты. Сайысқа қатысушылардың өнер көрсетуi кезiнде Қазақ халқының рухани жәдiгерлерiнiң бiрi — дәстүрлi әндер де болды. Халық әндерінен поппури, «Самғау» біріккен хорының орындауында халық әні «Су тасушы қыз», «Сарыарқа» вокалды-аспаптық ансамблінің орындауында Қанат Жүнісовтің сөзіне жазылған Қайрат Баекеновтің «Телефон» әні, «Назерке» камералық хорының орындауында Полина Гагаринаның «Танцуй со мной» әні, «Гаухартас» триосының орындауында «Қазағымның қыздары» атты әндері орындалып, «Көксеңгір» домбырашылар дуэтінің орындауында Нұрғиса Тлендиевтің «Әлқисса» күйі, Сұлтан Н., Қабдуали С., Досжан Е., орындауында Төлеген Момбековтің «Бозінген» күйі, «Шабыт» домбрашылар ансамблінің орындауында «Ақжелкен» күйлері орындалып, «Мерей» би ансамблінің орындауында «Өрнек» биі көрермен назарына ұсынылып, көңілдерінен шықты. Шара соңында өнерлі жастар байқауына қазылық еткен Көкшетау қаласының мәдениет бөлімінің бас маманы Бейсенбаева Дина Уахытқызы сөз сөйлеп өнерлі де талантты жастарды Жастар жылымен құттықтап, олардың бүгінгі сахна төрінде көрсеткен өнерлеріне тамсанып, алғысын білдірді. Қазылар алқасының атынан байқауға қатысқандардың өнерiне ерекше баға берiп, оларға сәттілік тіледі.

       Білім ордасының талантты студент-жастарына өнер жолында сәттілік тілеймін!

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст