Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні филология бөлімінің оқытушылары Д.Ілияс, Т.Жоламанованың ұйымдастыруымен әлеуметтік серіктестік мақсатта тірек мектеппен «Жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум өтті. Мақсаты – оқыту мен оқу процесінде жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімділігін, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану әдістерін көрсете отырып, тәжірибе алмасу. Семинар-практикумге Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушылары, филология бөлімінің студенттері (IV курс студенттері) қатысты. Кіріспе сөзді филология бөлімінің оқытушысы Д.Ілияс сөйлеп, модератор болды. С.Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Камашева қазақ әдебиеті пәнінен 6-сынып оқушыларымен Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» повесі тақырыбында шеберлік сабақ берді. Қазақ тілі мен әдебиетті оқыту әдістемесі пәндерінің оқытушысы, тренер Т.Жоламанова «Жаңартылған білім беру бағдарламасы: ерекшеліктері, жоспарлау тәсілдері» тақырыбында сөйледі. С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Нурмуканова «Жаңартылған білім беру жүйесіндегі критериалды бағалау» тақырыбында сөйледі. Филология бөлімінің IV курс студенттері тарапынан сұрақтар қойылып, ой бөлісті. Семинар-практикумды қорытындылау мақсатында Д.Ілияс кері байланыс өткізіп, қорытындылады. Тірек мектеппен бірлесе отырып өткізілген семинар-практикум өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қазіргі кездегі сабақ үрдісінде маңызы бар проблемалық мәселелер талқыланып, жан-жақты қарастырылды. Студенттер үшін пайдалы отырыс болды.