«KAZRIO.KZ - жас өркен» – білім мен қабілетті дамыту орталығы ұйымдастырған мектепке дейінгі, жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен мұғалімдері арасында өткізілетін Республикалық интернет байқауына информатика бөлімінің 1-ші курс студенттері «Көркем жазу» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, Камакаев Адильхан, Көперхан Анаргүл, Аманжолқызы Жанна ерекше өнерімен үздік деп танылып І дәрежелі, Жомарт Нұрсауле ІІ дипломмен, «Болашақ Қазақстан» атты өлең шығару байқауы бойынша Хуантхан Жеңісбек І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы студенттерге жетекшілік жасап, байқауға дайындағаны үшін И-11 тобының топ жетекшісі Айгерім Сағындыққызына алғыс хат берілді. Алдағы уақытта студенттердің шығармашылық қабілеттерінің шыңдала беруіне тілектеспіз!