17.03.2022
2022 жылдың 15 наурыз күні Дархандық күніне орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Ашық жүрек» еріктілер клубы облыс орталығындағы «Мейірімді жүрек Lider.kz» атты қоғамдық қорына барып қайтты. Пансионаттың негізгі қызметі – қарттарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету. Еріктілер клубы қазыналарымыздың көңіл-күйін көтеру мақсатында әсем ән айтып, мың бұралған би билеп, сахналық қойылымдар қойды.