15.03.2022
Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалған дастарқанын жайып, мерекелік көңіл-күй сезінеді. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, үстелге бар тәттіні үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Бір жасқа есеюіңмен!», «Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» деген тілек білдіреді.
Осы мерекеге орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері оқу орнының ұжымын Көрісу күнімен құттықтап, арнайы дәмнен ауыз тигізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.