Информатика бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіби бағдар бойынша 1 ақпаннан 22 ақпан аралығында «Info-bingo» атты қашықтықтан өткізілген интернет байқауының нәтижесі шығарылды. Байқаудың мақсаты: компьютерлік технологиялар арқылы оқушыларды зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық дамуына жағдай жасау. Байқауға Көкшетау қаласы мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары қатысты. Байқау «Бағдарламалау», «Презентация», «Web-дизайн» номинациялары бойынша өтті. Байқауға бақтарын сынаған IT мектеп-лицейінің, № 2 орта мектеп-лицейінің, С.Жүнісов атындағы № 18 орта мектеп-лицейінің, № 19 орта мектебінің, № 21 орта мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Информатика бөлімінің оқытушылары Қалменбай А.Н., Утебаева Д.З., Кабаева С.У., Қамалиден А.С. мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктерге қазылық жасап, байқаудағы жұмыстар мен жобалардың нәтижесін шығарды. «Info-bing» атты байқуадың қорытындысы бойынша «Презентация» номинациясынан № 19 орта мектебінің оқушысы Ахметпекова Назира 1-ші орынды, № 2 орта мектеп-лицейінің оқушысы Бакитова Амина 2-ші орынды иеленді. «Бағдарламалау» номинациясы бойынша № 2 орта мектеп-лицейінің оқушысы Кажимова Диана І дәрежелі, №21 орта мектеп-лицейінің оқушылары Дәулетжар Нурислам, Нұрланұлы Әли ІІ дәрежелі, С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп – лицейінің оқушылары Мәден Меруерт, Нуртаза Рахат ІІІ дәрежелі дипломды өз қанжасына байлады. Байқауға белсене қатысқандары үшін IT мектеп-лицейінің оқушысы Суюндуков Даниал, № 19 орта мектебінің оқушылары Ахметбек Райша, Ахметуллина Дильназ, Мусина Перизат, Жақсылықова Шұғыла, № 21 орта мектеп-лицейінің оқушылары Абдиева Аяжан, Зинолла Жасмин сертификатпен марапатталды. Байқауға қатысқан мектеп оқушыларының жетекшілеріне алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта тек биік шыңдардан көріне беріңіздер!