Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі бөлімнің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы С.Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінде «Мамандыққа алғашқы қадам» атты семинар-практикум өтті. Модератор – мектепке дейін бөлім оқытушысы М.Құрметқызы болды. Семинар-практикумның мақсаты – білім деңгейі заман талабына сай өзгерістерге бет бұра алатын, жан-жақты білімді, ізденімпаз қоғамның сұранысын тез сезіп өзгере алатын, жеке тұлға бағыттап білім берудің негізгі қағидаларын жан-жақты игерген құзіретті мамандар даярлап шығару. Семинарға қатысушылар №18 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары мен жауапты студенттер және оқытушылар. Кіріспе сөзді мектепке дейінгі бөлімнің меңгерушісі М.Сатиева сөйледі. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» – Ж.Қапезова МД-42 тобының студенті, «М.Монтессори технологиясының элементтерін оқу үрдісінде қолдану» шеберлік сағаты, «Білгенге – маржан» көрме А.Шарипова МД-41 тобының студенті ұйымдастырып, таныстырып өтті.