АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Педагогикалық идеялар фестивалі

28.01.2019

     Ағымдағы жылдың 16-17 қаңтарында Алматыда дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының қолдауымен 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілген республикалық конкурс. Фестивальдің мақсаты – педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Фестивальға директорлар, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысты. Фестивальда барлығы республика бойынша 345 қатысушы бақ сынасты. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша Ә.Рахимжанова, «Әртүрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы...» бағыты бойынша О.Сагидолла, «Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша  Р.Кәрібаева қатысып жүлделі 3 орынды иеленсе, О.Сагидолла арнайы грамотамен марапатталды. 

 

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст