28.02.2022
Ағымдағы жылдың 25 ақпаны күні «Алматыкітап баспасы»-ның ұйымдастыруымен «TopIQ электрондық оқулықтар платформасының тиімділігі» атты онлай форматта семинар өтті. Семинарға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Семинар барысында «Алматыкітап баспасы» Жобалық PR орталығының басшысы Қойшина Дәмелі Қауатайқызы Республикалық Leader TopIQ конкурсы туралы түсініктеме берсе, «Алматыкітап баспасы» цифрлық орталығы басшысының орынбасары, педагогика ғылымының кандидаты, оқулық авторы Рысқұлбекова Әсима Даулетбекқызы TopIQ платформасында «Цифрлық сауаттылық» электрондық оқулықтарын білім беруде пайдаланудың тиімділігі туралы ақпаратпен бөлісті. Зинабдин Асқар Нұрбекұлы цифрлық орталығының маманы – TopIQ платформасына қосылу ережелерін семинар қатысушыларына түсіндіріп кетті. Платформада орналастырылған оқулықтардың артықшылығы заманауи талаптарға сай жасалған, электронды оқулықтарда өзін-өзі басқару тетігі бар, оқушы тапсырманы орындау барысында өзін-өзі бағалай алады. Тапсырмаларда берілген аудио қосымшалар оқытушы үшін дайын көмекші ресурс. Семинарда берілген ақпарат студенттер үшін өте қызықты, әрі тиімді болды. Семинар соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алып, спикерлермен пікір алмасты.