АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылы 24 ақпан күні оқушыларды кәсіптік бейімдеу бағытында Көкшетау қаласы №8 орта мектебінің 9-сынып оқушылары мен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Ағылшын» бөлімінің IV курс студенттері бірігіп, телекөпір форматында «First steps to my future job» (Болашақ кәсібімді таңдаудағы алғашқы қадамдар) атты іс-шара өткізді. Негізгі мақсат – мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға көмек көрсету. Іс-шара барысында мектеп оқушылары Кабдыкаппарова Аружан, Михалев Андрей, Рябев Тимур, Тарада Виктория, Шеметова Дарья «ағылшын тілінде сөйлеу деңгейін арттыру», «болашақ мамандыққа қатысты қабілеттерді меңгеру», «шет елдерге саяхаттау» туралы кәсіптік бейімдеу тақырыбында колледж студенттеріне сұрақтар қойды. Студенттер мектеп оқушыларына оқу орны жайлы толық мәлімет берді, колледж өмірі мен мүмкіндіктері туралы бейнеролик көрсетіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.