24.02.2022
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күресінен 2002-2004 ж.ж. жастар арасында республикалық турнир өтті. Мықтылар додасында 200-ден астам спортшы қатысты. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі қанжығасына тағы да бір жүлде байлады. 78 келі салмақ дәрежесі бойынша Төлехан Алмат ІІ орын иегері атанып, мерейімізді асырды. Қанатыңыз талмай, аламан додалардың хас шебері бола беріңіз!