АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 15 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша онлайн форматта облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Педагогтердің біліктіліктері сыналатын «Кәсіби шеберлік – 2022» облыстық деңгейдегі байқауға облыстан іріктелген арнайы және жалпы пәндер оқытушылары қатысты. Арнайы пәндер бағыты бойынша 6 оқытушы, ал жалпы пәндер бағытынан 20 оқытушы бақ сынасты.
Кәсіби шеберлік байқауы 4 модульдан тұрады. Олар: «Мен және қоғам», «Әдістемелік жоба», «Мультимедиялық технологиялар», «Педагогикалық жағдай».
Алғашқы 2 модуль сырттай өткізіліп, бағаланды. Соңғы 2 кезең онлайн форматта жалғасын тапты. Байқауға колледжімізден арнайы пәндер бағыты бойынша Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы, жалпы пәндер бағыты бойынша Ехсанова Жұлдыз Абдрахманқызы қатысты. Байқау нәтижесі бойынша Тойындық Молдағалиқызы жүлделі І орынды иеленсе, Жұлдыз Абдрахманқызы жүлделі ІІ орынға ие болды. Оқытушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Тойындық Молдағалиқызына республикалық деңгейде жалғасын табатын додада сәттілік тілейміз!