31.01.2022
2022 жылдың 27 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жатақхана студенттері арасында колледж психологі Мұхамеджанова Айым Қуандыққызының ұйымдастыруымен тренингтік ойын өткізілді. Оған әртүрлі топтан 20 студент қатысты. Негізгі мақсаты – студенттермен жақын танысу, студенттер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, психологиялық-эмоционалды жай-күйіне әсер ету. Сондай-ақ араласушылық дағдыларын қалыптастыру мен адам потенциялын ашу және әрі қарай дамыту басты назарға алынды. Тренинг барысында «Сәлемдесу», «Дыбыс гимнастикасы» және «Атомдар мен молекулалар» ойыны ойнатылды. Бұл студенттердің өзін және басқа адамдарды толық тану қабілетін дамыту мен жекелей ерекшеліктер, сонымен қатар іскерліктердің диагностикасын меңгеруіне ықпал етеді.