АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

№4 педагогикалық кеңесі

12.01.2022
2022 жылдың 11 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №4 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде бірнеше бағыттағы мәселелер қарастырылды. Колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасары Рақымжан Әсел Қайроллақызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, практика жөніндегі орынбасары Мұқышева Қарагөз Серікқызы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұнын ғылыми деңгейге көтерудің нәтижелері және І жартыжылдық бойынша жеке-жеке ақпарат бөлісті. Смаилова Айгүл Тоқтауылқызы «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының есебін берді. Сондай-ақ «Дене мәдениеті» бөлімінің оқу-тәрбие процесі мәселелері де айтылды. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы көтерілген мәселелерді сарапқа салып, шешу жолдарын айтты. Педагогикалық кеңеске ұсынылған мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті қаулы қабылданды. Сонымен қатар 2022-2023 оқу жылына арналған қабылдау комиссиясының хатшысы тағайындалды.
Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст