20.12.2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық WKS каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталмыш доданы «Спорттық каратэ федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. 100-ден астам қатысушы бақ сынасқан сайыста Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі ДМ-31 тобының студенті Балташ Шыңғыс КАТА бағдарламасы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ АБС салмақ дәрежесінде Кумите бағдарламасы бойынша ІІІ орынға ие болды.