20.12.2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мақтаныштары үздік 100 студенттің қатарына еніп, арнайы марапатқа ие болды. Білім бәйгесінде оза шапқан дарындылар – информатика бөлімінің III курс студенті Алькенов Данекер Амангельдыұлы мен музыка бөлімінің 3 курс студенті Рамазан Лана. Жас таланттарға әрдайым осылай биік тұғырдан көріне беруін тілейміз!