Текст
2021 жылдың 14 желтоқсан күні «Ағылшын» бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ІІ курс студенттері арасында «Spelling Bee» сайысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – бөлім студенттерінің тіл үйренуге қызығушылығын арттыру және ағылшын тілінде айтылым дағдыларын дамыту. Аталған сайыс 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар ағылшын тілінде көрсетілген сөзді мүдірмей әріптеп айтып отырды. Кезең өткен сайын берілген сөздер құрылымы күрделене түсті.
Сайыстың қорытындысы бойынша 11 қатысушы арасынан А-24ҚБ тобының студенті Кангожина Наргиз жеңімпаз атанса, ІІ орынға А-24ҚБ тобының студенті Бергарина Аяулым, ІІІ орынға А-21 тобының студенті Әбдрайым Жания ие болды. Құттықтаймыз!