14.12.2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалі табыс етілді. Құрметті Нұртас Ахатұлына кәсіби өрлеу, толағай табыс және зор денсаулық тілейміз!!! Алар асуларыңыз биік болсын!