АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТЕКТІ ҰРПАҒЫМЫЗ!» АТТЫ РУХАНИЯТ КЕШІ

13.12.2021
2021 жылдың 10 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіз елдің текті ұрпағымыз!» атты «Ақ қауырсын» поэзия клубының руханият кеші өтті. Іс-шара Тәуелсіздікке жету жолында құрбан болған батырлардан бүгінгі бейбіт елдің орнығуына дейінгі қалыпты айнытпай көрсеткен эпилогтан бастау алды. Онда «Филология» бөлімінің ІII курс студенттері Абдугапарова Сымбат пен Сейсенбай Еркегүл Жәудір Артықбаеваның әнін орындады. «Ақ қауырсын» поэзия клубының мүшелері рухты өлеңдерді мәнерлеп оқып, көрерменге жеткізе білді. Тарихпен үндескен «ТІЛ.ЗАМАН.ҚАЗАҚ» атты бөлімде шынайы оқиғадан сыр шертті. Сондай-ақ Мұхтар Шахановтың «Тәуелсіздіктің екі түрі немесе Рух пен Қарын егемендігі» өлеңі оқылып, «Ақ қауырсын» поэзия клубының мүшелері Абай, Мұқағали үнімен үндесті. Әуелеген ән де, күмбірлеген күй де болды. Руханият кешінде көрермендер ерекше атмосфераны сезіне алды.
Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст