13.12.2021
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні «Ағылшын» бөлімінің топ жетекшілері Мусина Әсемгүл Ерболқызы мен Ехсанова Жұлдыз Әбдірахманқызының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай А-11 және А-31 топтарында «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты тәрбие сағаттары өтті. Іс-шара барысында халқымыздың Тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне шолу жасалды. Ел еңсесін тіктеген шақтан бастап барлық оқиғалар жіктеліп, тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойылды. Тәрбие сағаттары еліміздің Тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттердің бойында Отанға деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталды. Іс-шара соңында «Шын жүректен» кезеңі жүргізіліп, студенттер елге деген жылы лебіздерін білдірді. Тәрбие сағаттары «Тәуелсіздік мәңгі жасасын!» «Еліміздің бірлігі мәңгілікке сақталсын!» деген рухты сөздермен бекітілді.