11.12.2021
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні BOLASHAQ SARAIY-нда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас педагогтердің ІV облыстық форумы өтті. Аталмыш іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырды. Негізгі мақсат – білім алушылар мен педагогтердің жоғары патриоттық мәдениетін қалыптастыру, жобалық, шығармашылық қызмет арқылы олардың әлеуметтік ұстанымын арттыру және кәсіби шеберлікті арттырып, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыру. Форум екі кезеңнен тұрды.
Жағымды жаңалық! Осы форумда «Жарқын болашаққа бағдар» әлеуметтік жобасы номинациясы бойынша Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі биология пәнінің оқытушысы Сарша Жанар І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңіс тұғырынан көріне бер! Сәттілік!!!