11.12.2021
2021 жылдың 10 желтоқсан күні «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионаты жабық деп жарияланды. Білім аламанында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жеңіс тұғырынан көрінді. Республикалық чемпионаттың қорытындысына сәйкес «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша колледж түлегі Дондых Құндыз ІІ орынды иеленсе, «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша Наурузова Милана ІІІ орынды еншіледі. Облыстың үкілеген үмітін ақтаған түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!! Алар асуларың биік болсын!