18.11.2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті. Білім бәйгесінде оза шапқан дарындылар байқаудың ережесіне сәйкес республикалық кезеңде өздерінің ғылыми жобаларын, инновациялық идеяларын, стартап жобаларын ұсынған. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мақтаныштары да жеңіске жеткен 100 студенттің қатарынан табылды. Колледждегі информатика бөлімінің III курс студенті Алькенов Данекер Амангельдыұлы мен музыка бөлімінің 3 курс студенті Рамазан Лана еліміздегі ең үздіктердің көшін бастап тұр. Жас таланттарға әрдайым осылай биік тұғырдан көріне беруін тілейміз! Айқын мақсат, мінсіз жоспарлар жолыңызды тоссын!
Айта кету керек, конкурс жеңімпаздарын ағымдағы жылдың желтоқсан айында ресми марапаттау рәсімі өткізіледі. Осының шеңберінде 100 студент үшін жеке және кәсіптік өсу бағдарламаларын іске асыратын тренер-коучтарды тарта отырып, шеберлік сыныптарын, тренингтер ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда.