АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Педагогтың кәсіби дамуы

12.11.2021
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінен 05 қараша аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының тренері Пазылова Гульмира Шойгариновнаның жетекшілігімен «Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары негізінде әзірленген жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған қосымша кәсіби білім беру» тақырыбындағы курсты аяқтады. Курс барысында екі апта теориялық білімді онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы жүргізілсе, үш апта оқытушылар өз оқу орындарында практикалық машықтану барысында негізгі 4 сабақты жоспарлап, бағдарламаның 7 модулін топтық жұмысты пайдалану, диалогтік оқытуды енгізу, сын тұрғысынан ойлау, қалыптастырушы бағалау әдіс-тәсілдерін енгізу, дарынды және талантты балаларды қоса алғанда әртүрлі жастаға балалардың қажеттіліктерін ескеруді сабақ барысында тиімді қолданып, екінші бетпе-бет кезеңінде 3700 сөзден тұратын рефлексиялық есеп жазып, қорғады. Аталған курс оқытушылар үшін пайдалы, әрі тиімді болды.
Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст