11.11.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім» атты көркемсөз оқулары өтті. «Филология» және «Ағылшын» бөлімдерінің қатысуымен ұйымдастырылған байқауда сан ғасырлық бабаларымыздың арманы болған қастерлі де қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жыр шумақтары арналды. Негізгі мақсат – ата-бабаларымыздың қанымен жеткен Отанды қорғап, құрметтей білуге үйрету, болашақ қазақ елінің жастарына қазақ жерінің тұтастығымен қатар, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін тұтастай жеткізуді насихаттау. Көркемсөз оқуларының қорытындысына сәйкес ФБ-22ҚБ тобының студенті Крючек Яна және А-21 тобының студенті Уайс Нұртай жүлделі І орын иегері атанды. ІІ орынды Нұрлахметова Дана, Өмірбек Айғаным, Кангожина Наргиз еншілесе, ІІІ орынды Долданов Жалғас, Қайролла Кемелхан, Ерболат Аймөлдір иеленді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!