АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Көру анализаторлары» тақырыбында үлгі сабақ

28.10.2021
2021 жылдың 27 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде биология пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Жанар Саршақызының ұйымдастыруымен «Көру анализаторлары» тақырыбында үлгі сабақ өтті. Іс-шараға А-21 тобының студенттері мен колледждің жас мамандары қатысты. Білім алушылар айтарлықтай белсенділік танытып, толық ашыла білді. Негізгі мақсат – жас мамандармен тәжірибе алмасу, оларға педагогтық ұтымды әдіс-тәсілдерді меңгерту. Сабақ барысында «Баяндау», «Рөлдік баяндау», «Кроссенс», «Тез жылдам», «Музыка станциясы», «Ресторан» әдістері мен «Боди-арт» ойыны қолданылды. Бұл – білім алушылардың теорияны жылдам меңгеруіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, топ студенттері тақырыпқа сәйкес анализ жасап, зертханалық жұмыс жүргізді. Үлгі сабақ барысында жас мамандар да ынта білдіріп, белсене қатысты. Шара соңында олар ізгі тілектерін білдіріп, кері байланыс орнатты.
Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст