Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 0111000 – «Негізгі орта білім берудің қолданбалы бакалавры» мамандығы бойынша білім алып жатқан ФБ-42ҚБ тобының студенттері «Байқау практикасында» болды. Көкшетау қаласы, №6 орта мектеп-лицейінде 6 және 7 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша сабақ өткізіп, мол тәжірибе жинақтады. Колледж студенттері іс-тәжірибе кезінде өздерін болашақ ұстаз ретінде жан-жақты көрсете білді. Аталған іс-тәжірибе болашақ мамандардың озық әдістеме жинақтауына, оқытушылық біліктілікті меңгеруіне негіз болады.