22.10.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жастар – еліміздің болашағы» атты көңілді старт эстафета өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын сақтап, спортқа деген қызығушылықты арттыру. Оған «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының І, ІІ курс студенттері қатысты. Көңілді эстафета 5 кезеңнен тұрды. Іс-шарада студенттер өздерінің шеберлігі мен қабілеттерін көрсете білді. Ойын қорытындысына сәйкес ДМ-22 тобы жеңімпаз атанды. «Шынықсаң, шымыр боласың» деген қағиданы ұстанған колледж жастары сайыстың қызыққа толы өткенін жарыса айтып жатты.