АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

16 ҚАЗАН – БҮКІЛӘЛЕМДІК НАН КҮНІ

18.10.2021
Аталмыш мереке Халықаралық наубайшылар және наубайшы-кондитерлер одағының бастамасымен 2006 жылы бекітілген. Мейрамның бұл күнге бекітілуі 1945 жылдың дәл осы жұлдызында БҰҰ-ның ауыл шаруашылығы және оның өнімдерін дамыту мәселелерімен айналысатын Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының құрылуына байланысты. 2019 жылдың 16 қазан күні Қазақстанда алғаш рет «Нан күні» атап өтілді. Мерекелік күнді бекітудегі мақсат – астық және нан өнімдерінің жоғары мәртебесін көрсету, қазақстандық диқаншы, ұн тартушы және наубайшылардың еңбегін құрметтеу.
Мерекеге орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің МД-11, ДМ-11, ФБ-11, М-11, БМ-22ҚБ, И-22ҚБ, Л-21 ҚБ топтарында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Педагогика ғылымдарының магистрі Мукушева Нұргүл Серікқызының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөліміндегі топ студенттері нанның дастарханға қалай келетіндігі, адал еңбек, нанды қадірлеп, қастерлеу, адамгершілік құндылықтарын сіңіру туралы ұғымдармен етене танысты. Сондай-ақ рөлдік сахналық қойылымдар арқылы ой-пікірлер айтылып, ашық талданды. Білім алушыларға тақырыпқа сәйкес презентация көрсетіліп, топтық жұмыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар адамгершілік құндылықтар дәріптелді. И-22ҚБ тобы да іс-шара барысында бейнеролик тамашалап, нанға байланысты нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді жарыса айтты.
Просмотров: 280


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст