АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Тіл шебері – 2021» колледжішілік сайысы

13.10.2021
2021 жылдың 13 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Тіл шебері – 2021» колледжішілік сайысы өтті. Білім бәйгесі «Ағылшын» бөлімінің IV курс студенттері арасында ұйымдастырылды. Мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және оларды қолдау. Сондай-ақ тіл мәдениетін көтеру мен үштілділікті насихаттауға негізделді. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Ең алдымен, «Елтаным» бөліміне сәйкес қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі суреттер бойынша студенттер үш тілде жарыса жауап берді. ІІ кезеңде «Сөзтаным» бөліміне сәйкес қазақ тілінде көрсетілген мақалдың мағынасын ашып, түсіндіріп, орыс және ағылшын тілдеріндегі баламасын айтты. Сайыстың қорытындысына сәйкес А-41 тобының студенті Шынуар Назерке жеңімпаз атанды. Ал А-42 тобының студенті Батай Ұлпан ІІ орынды иеленсе, А-43ҚБ тобының студенті Абуова Дарина ІІІ орынды еншіледі. Қатысушыларға сайыста белсенділік танытып, үш тілде меңгерген білімдерін көрсеткені үшін арнайы сертификаттар табысталып, жүлделі орын иегерлеріне дипломдар және бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Просмотров: 296


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст