АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 12 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ІV курс студенттері қала мектептерінде өткен іс-тәжірибе қорытындысымен бөлісті. Конференция барысында білім алушылар қатысушыларға оқу, байқау практикаларының мақсат-міндеттері мен жалпы жоспарын таныстырды. Олар алған білімдерін, жетілген қарым-қабілеттерін І, ІІ, ІІІ курс студенттерімен ашық түрде бөлісті. Студенттер іс-тәжірибе барысында қолданған көрнекіліктерін көрсетіп, олардың тиімді тұстарын, қажеттілігін атап өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын таласа қойды. Олармен кері байланыс жасалып, тапсырмалар қызу талқыланды. Конференцияға колледж директорының практика бойынша орынбасары Қарагөз Серікқызы әдіскерлер Болат Жанайдарұлы, Гүлмира Қайыржанқызы, Мейрамгүл Құрметқызы қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылар естіген ақпараттары мазмұнды, әрі пайдалы болғанын айта өтті.