Текст
Ағымдағы жылдың 6-8 қазан күндері Қарағанды қаласында киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл дүбірлі дода ел Тәуелсіздігінің 30 және Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ІV курс студенті Тіржан Әділжан қатысты. Ол оқу орнында «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алады. Чемпионатта колледж студенті І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.