12.10.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде кешенді білім беру бағдарламасы аясында жас мамандар мен озат педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарланды. Соның бірі – жас мамандарға кәсіби бейімделуге, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастырып, жетілдіруге әдістемелік көмек беру мақсатында тәжірибелі мамандардың шеберлік сабақтарын ұйымдастыруы. Ағымдағы жылдың 11 қазаны күні Педагогика ғылымдарының магистрі Секенова Балкүміс Байжанқызының жетекшілігімен тірек мектеп жоспарына сәйкес Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің қатысуымен педагогика пәнінен «Мектептану педагогиканың маңызды саласы» тақырыбында №108 логопедия-ресурстық орталығында шеберлік сабақ өтті. Мақсаты – оқыту мен оқу процесінде жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімділігін, педагогика сабақтарында қолдану әдістерін көрсете отырып, тәжірибе алмасу. Шеберлік сабаққа колледж оқытушылары, жас мамандар, бастауыш мектеп бөлімінің 4 курс студенттері белсенділік танытып, қатысты. Шеберлік сабақ барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының мүмкіндігі – сыни тұрғысынан ойлау, Lesson study, критериалды бағалау, оқу үшін бағалау, оқуды бағалау әдістері ұтымды қолданылып, сабақ мазмұны жоспарға сай орындалды. Шеберлік сабақ жоғары деңгейде өтті.